21.07.2022, 02:08
Спорт
Дәурен Елеусінов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Жекпе-жек 30 шілдеде Barclays Center-де өтеді деп күтілуде
фото: instagram.com/daurenyeleussinov
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (10-1-1, 9 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
36 жастағы боксшы 30 шілдеде рингке оралады. Оның қарсыласы америкалық Джуниор Юнан (16-0-1, 10 КО) болады.
Бұл жекпе-жек Бруклиндегі Barclays Center шаршы алаңына жоспарланған бокс кешінің кардында өтеді.
Дәурен соңғы рет 2021 жылы Нұр-Сұлтанда жұдырықтасып, әзірбайжандық Али Маммадовты нокаутқа түсірген еді.
Юнан болса, кейінгі рет 2021 жылы сәуірде жекпе-жек өткізіп, Джейсон Минданы төрешілер шешімімен жеңген.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды