Головкиннің Альварестен кейінгі қарсыласы анықталды
Ол WBA белбеуінің иегерімен жұдырықтасуы керек
WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің Сауль «Канел» Альварестен кейінгі жаңа қарсыласы анықталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) Геннадий Головкинді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуге міндеттеді.
Головкин Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек.
«Егер GGG орта салмақта қалуды шешсе немесе Канелодан ұтылса, ол мексикалықпен өтетін жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орта салмақтағы «суперчемпион» атағын Эрисланди Ларамен кездесуде қорғауға мәжбүр болады», - деп жазды ESPN инсайдері Коппинджер.
Айта кетейік, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі суперорта дивизионда өтеді. Бұл кездесуде мексикалықтың барлық белбеуі сарапқа салынады.
Головкин мен Альварес арасындағы трилогия бұл жолы да T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Бұл аренада олардың алдыңғы екі жекпе-жегі өткен болатын: алғашқысы (2017 жылы) даулы түрде тең нәтижемен аяқталған, ал екінші (2018 жылы) кездесуде жеңіс мексикалықтың еншісінде кетті.