27.05.2022, 00:55
Спорт
Данияр Елеусінов өнер көрсететін бокс кешінде тағы бір қазақстандық жұдырықтасады
Кездесу 25 маусымда АҚШ-та өтеді
фото: Тұрар Қазанғапов
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) келесі кездесуін АҚШ жерінде өткізеді, деп жазады Azattyq Rýhy Vesti.kz- ке сілтеме жасап.
Дычко келесі кездесуін 25 маусым күні Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдасыратын бокс кешінде өткізеді. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Айта кетейік, бұл бокс кешінде Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) шаршы алаңға шығады. Ол өзінің IBO чемпиондық белбеуін қорғайды. Елеусіновтің қарсыласы Украина елінің боксшысы Иван Голуб (20-1, 15 КО) болады.
Еске салайық, екі боксшы да кейінгі рет 2021 жылдың желтоқсан айында жұдырықтасты. Дычко ресейлік Александр Устиновтан үстем түссе, Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны жеңді.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
20.09.2026, 06:28
АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді