«Гранада» футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

Azattyq Rýhy

Сонымен қатар, жастар құрамасы «Қайрат-Мәскеуде» ойнайтын Александр Широбоковты да күтеді

«Гранада» футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды
фото: ҚФФ

Қайрат Нұрдәулетовтің командасы ЕУРО-2023 іріктеу кезеңі аясында Дания және Түркиямен өтетін ойындарға дайындықты бастады, деп жазады Vesti.kz.

Қатарда өзгерістер бар. Алдағы матчтарға қорғаныстың ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен қатыспайды. Оның орнына Испанияның «Гранада» командасында ойнайтын Асқар Сатышев шақырылды.

Бірінші лигада ойнайтын футболшылар жастар құрамасының қатарына кейін қосылады. Олардың арасында «Қайрат-Жастар» қақпашысы Темірлан Анарбеков, «Қайсар» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов және қосалқы тізімнен шақырту алған «Оқжетпес» ойыншысы Мейрамбек Қалмырза бар.

30 мамыр күні Қазақстан U-21 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын жалғастырып, әрі қарай Данияға жол тартады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.