$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2022, 05:21
Спорт

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері бельгиялық клубтың тізгінін ұстады

Енді ол "Эйпен" командасын жаттықтыратын болады

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері бельгиялық клубтың тізгінін ұстады
фото: "Эйпен" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Бернд Шторк Бельгия біріншілігінде өнер көрсететін "Эйпен" командасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

59 жастағы неміс маманы 2021-2022 жылғы маусымда "Генк" командасының бас бапкері қызметін атқарды. Ал маусым аяқатала салысымен ол "Эйпен" сапына ауысты. Жаңа командасымен Шторк 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасаған.

Айта кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша "Эйпен" ұжымы 32 ұпай жинап, Бельгия чемпионатында 15-орынға жайғасты.

Шторк 2008 және 2011 жылдар аралығында Қазақстанда жұмыс істеді. Ол "Алма-Ата" және "Цесна" командалары мен Қазақстан жастар құрамалары (U-19, U-21), сондай-ақ, Қазақстан құрамасын да жаттықтырды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт #бапкер