Эдди Хирн Головкин – «Канело» трилогиясы қайда өтетінін айтты

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн FightHype-ге берген сұхбатында мәлімдеді  

фото: prosports.kz

 

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн FightHype-ге берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін орында атады, деп жазады Prosports.kz.

«Бәрі келер сенбіде шешіледі, бұл біздің жоспарымыз. Токиода бәрі жақсы аяқталды (Головкин Муратаны жеңді). Бірақ келер аптада «Канело» Биволды ұтуы керек. Бұл керемет жекпе-жек болады деп ойлаймын. Егер «Канело» жеңіске жетсе, онда қыркүйекте GGG-мен трилогия өтеді деп үміттенуге болады», - деді Хирн.

– 17 қыркүйекте өте ме?

– Дәл солай.

– Жекпе-жекті АҚШ-та өткізесіздер ме, әлде шетелде ме?

– Әртүрлі нұсқаны қарастырып көреміз. Менің ойымша, Лас-Вегаста өту мүмкіндігі жоғары.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтті.

2017 жылы қыркүйекте тең нәтиже тіркелді. Ал тура бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде Альварес төрешілер шешіммен жеңіске жетті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.