28.04.2022, 03:50
Спорт
Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болатынын растады
Магомед Адиев қазір қарағандылық «Шахтёрді» жаттықтырады
фото: prosports.kz
Қарағандылық «Шахтёрдің» бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Championat.com-ға сілтеме жасап.
«Иә, Қазақстан құрамасының тізгінін ұстадым деп айтуыма болады. Келісімшарт жасалды ма? Әзірше жоқ. Бірақ алдағы күні федерация өкілдерімен кездесуде қол қоямыз деп келістік. Қарағандылық «Шахтёрде» қаламын ба? Келісімшарт жасасқаннан кейін талқылаймыз. «Шахтёр» басшылығымен де, Қазақстан футбол федерациясымен де сөйлесеміз», — деді Адиев.
Магомед Адиев қазір қарағандылық «Шахтёрді» жаттықтырады. Бұған дейін Адиев махачкалалық «Анжи», «Легион Динамо», нижегородскілік «Волга» мен «Чайканы» жаттықтырған.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды