29.04.2022, 22:16
Спорт
Әли Әлиев «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері болып тағайындалды
Әли Әлиев 2019 жылғы маусымда турнирдің үздік жаттықтырушысы болып танылған
фото: prosports.kz
Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әли Әлиев 2015 жылы «Қызыл-Жар» командасына ауысып, футболшы ретінде қола және күміс медальдарды жеңіп алды. 2017 жылғы маусымда командамен 8 жылдан кейін Премьер-лигада ойнау құқығын алды. Осы кезеңде Әли Әлиев 75 кездесу өткізіп, қарсыластарының қақпасына 6 гол соқты. 2019 жылы Әли Ханәліұлы «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері болып тағайындалды.
2019 жылғы маусымында ол Бірінші лигада топ жарды. Осылайша, петропавлдық клуб Премьер-лигаға қайта оралды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды