«Ақша бөлінді, бірақ орта жолдан қағып кетті ме?»: Боксшы қыз Алматыдағы чемпионат жайлы
Қаланың екі чемпионаты дипломсыз, грамотасыз, медальсыз, кубоксыз өтті

Боксшы Аида Сатыбалдинова Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық жарыстың ұйымдастырушыларын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ең қызығы, қаланың екі чемпионаты дипломсыз, грамотасыз, медальсыз, кубоксыз өтті. Вааууу, бұл мені шошытып жіберді! Біздің елде бәрі осыншалық нашар ма!? Толыққанды қала чемпионатын өткізуге ақша бөле алмайды ма?! Немесе ақша бөлінді, бірақ орта жолдан қағып кетті ме!? Мұндай чемпионаттарды өткізу ұят емес?! Баланы, жасөспірімді, жалпы спортшыны әрдайым көтермелеу керек. Кез-келген спортшыны ынталандыру, толқу, спорттық көрсеткіштерін жақсартуға деген ұмтылысы және т.б. бар. Ол өз еңбегінің еленіп, марапатталып жатқанын көргенде құлшынысы арта түседі», - деп жазды Instagram парақшасында.
Спортшының айтуынша, мұндай орынсыз әрекетке спорт шенеуніктері мен жаттықтырушылар штабы кінәлі.
«Бәлкім Алматы қаласының чемпионатын ұйымдастырушылар мұны түсінбейтін болса керек?! Қанша дегенмен екі бірдей қала чемпионатын өткізді емес пе! Менің білуімше мемлекет спортты дамытуға, әсіресе олимпиадалық спорт түрлеріне қомақты қаражат бөледі. Мынадай жағдайымызға қарамастан спорттағы шенеуніктеріміз, бас жаттықтырушыларымыз бәрі жақсы дегеннен артық ешнәрсе жасамайды», - деді Сатыбалдинова.