13.10.2021, 09:13
Спорт
Астананың Орталық стадионы бұзылатын болды
Оның орнына жаңасы салынады
Елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион апатты деп танылды. Кешендегі ғимарат пен жанкүйерлер отыратын трибуна толықтай бұзылып, оның орнына жаңасы салынады деп жазады Tengrinews.kz.
Биыл стадионға 85 жыл толып отыр. Спорттық нысан 1936 жылы пайдалануға берілген еді. Осы уақыт ішінде 8 рет аты ауысты. 1986 жылы оған Қажымұқан Мұңайтпасов атауы берілген. Стадион 12 250 орынға шақталып салынған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 2020 жылы стадион апатты деп танылған. Қазіргі таңда оның орнына жаңасын салу жұмыстары қолға алыныпты.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді