ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Қазақстандық пара биші Кореядағы әлем чемпионатының лицензиясын жеңіп алды

Әлем чемпионаты 2022 жылы өтеді

Польшада би бойынша халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. Жарысқа әлемнің 16 елінен 120 спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ардақ Оторбаев жеке және Combi Latina Class1 және Combi Standart Class2 санаттарында Нұр-Сұлтан қаласының бишісі Айдана Бегленовамен жұптасып, екі қола медальға ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша спортшы 2022 жылы Кореяда өтетін пара би бойынша әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды.

«Карантиндік шектеулерге байланысты екі жыл бойы жарысқа қатысқан жоқпын. Мен үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс. Бірақ бапкеріміз Әлия Майданқызының дұрыс қойылған тактикасының арқасында тез меңгеріп, лайықты өнер көрсете алдым.  Қазақстанның барлық құрама командасы лайықты өнер көрсетті деп есептеймін, алда әлем чемпионаты өтеді. Қазір басты назарды дайындыққа бөлетін боламыз, қарсыластар мықты болады деп күтіліп отыр, онда 100 пайызға беріліп, бар өнерімізді салуымыз керек болады. Отбасыма, жаттықтырушыма және мектебіме қолдау көрсеткеніне алғысымды білдіргім келеді. Үміттеріңізді ақтауға тырысамыз», - деді Ардақ Оторбаев.