Қазақстандық ауыратлеттің жұмбақ өлімінен кейін Сергей Седов қызметінен шеттетілді
Альберт Линдердің өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды
ҚР құрамасының бұрынғы мүшелері ҰҚК жаттықтырушылар штабынын айыптау туралы істі тергеу аясында, Федерация құрамына сарапшылар мен спорт ардагерлері енген комиссия құруды ұсынды.
Комиссия төрағасы - ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Тәпсір Меңдіхан.
Комиссия мүшелері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі А.А.Стерликов, I Халықаралық санаттағы спорт төрешісі О. Соловьева, ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, ҚР спортшылар одағының мүшесі Светлана Подобедова, ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов.
«Тергеу барысында комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады», - делінген ҚР ауыр атлетика федерациясының хабарламасында.
Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаменті ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Осыған байланысты ҚР ААФ тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.