$ 530.24  543.97  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2021, 09:37
Спорт

Қазақ спортшысы Тегеранда өткен әлем чемпионатында үш жүлде алды

Ат үстінде жүріп садақ ату сайысына әлемнің 12 елінен 22 спортшы қатысқан

Қазақ спортшысы Тегеранда өткен әлем чемпионатында үш жүлде алды

Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату сайысына әлемнің 12 елінен 22 спортшы қатысқан.

Өзінің шеберлігінің арқасында жерлесіміз кіл мықтылардың ішінен топ жарып 1 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Алтын алқаны жарыстың алғашқы күні корей стилі бойынша өткен сайыста алса, кассай (венгр) стиліндегі жарыста күміс жүлдегер атанды. Нәтижесінде, Айкөз Ералхан Әлемнің вице-чемпионы атанды.

Айта кетейік, ел намысын қорғаған отандасымыз бұл жеңісін Қазақстан Тəуелсіздігінің 30 жылдығына арнайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта шеберлігін шыңдай түсіп, талай белестерді бағындыру жоспары бар екенін жасырмады. Ал, Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғани Ахметбаев бұл спортшының болашағынан мол үміт күтуге болатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт #садақ ату