$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2021, 10:33
Спорт

«Жарақатым бөгет болды». Элизабет Тұрсынбаева 21 жасында карьерасын аяқтады

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы

«Жарақатым бөгет болды». Элизабет Тұрсынбаева 21 жасында карьерасын аяқтады
Элизабет Тұрсынбаева, фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлім етті.

«Кәсіпқой спортшы ретінде карьерамды аяқтамақпын. Бұл жаңалықты бөлісу қиын болып отыр...

Көп адам арқам көптен бері мазалап жүргенін біледі. Амал не, мен бұл жарақатты соңына дейін жеңе алмадым, сондықтан толыққанды жаттығуға мүмкіндік болмады.

Мен үшін өмірімнің жаңа тарауы басталады. Мен қазір Қазақстандамын және жыл соңына дейін осында жұмыс істеймін, балаларға көмектесемін, шабыттандырамын және олармен өз тәжірибемді бөлісемін», - деп жазды.

Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылы өткен төрт құрлық арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері. 2019 жылы өткен Қысқы универсиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2014-2017), 2017 жылғы қыс Азия ойындарының қола жүлдегері.

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасындағы ресми жарыстарда төрттік секіруді (сальхов) орындаған алғашқы спортшы. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық ретінде тарихта қалды.

Серіктес жаңалықтары