Мұнай компаниясының басшысы Қамшыбек Қоңқабаев пен оның бапкеріне ірі көлемде сыйақы берді

Боксшы Токио олимпиадасында үшінші орын иеленген еді

Мұнай компаниясының басшысы Қамшыбек Қоңқабаев пен оның бапкеріне ірі көлемде сыйақы берді

Бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен оның бапкеріне «ҚОР» мұнай компаниясының директоры Дәулет Дәукенұлы ірі көлемде сыйақы берді. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Кәсіпкер боксшыға - 10 миллион теңге, оның бапкеріне 5 миллион теңге берген.

"Қызылорда бокс федерациясының президенті Шыңғыс Робертұлының қолдауымен АО “НК ҚОР” мұнай компаниясының директоры Даулет Даукенұлы кешегі өткен байрақты бәсекедегі жетістігімізге, жеке бапкерім екеуімізге ақшалай сыйақы табыстады. Сыр боксының дамуына қосқан зор үлестеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Еліміздің, оның ішінде Сыр өңірінің абыройын асқақтататын спортшыларымыз көп болсын», - деп жазды Қамшыбек Қоңқабаев әлеуметтік желіде.

Еске салайық, биыл Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз жартылай финалда америкалық боксшыдан жеңіліп, қола жүлдегер атанған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.