«Анам туралы айтушы болма». Сауль Альварес көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті
«Канело» мен Калеб Плант арасындағы жекпе-жек 6 қарашада өтеді
WBA, WBC және WBO чемпионы - мексикалық Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) көз түйістіру кезінде төбелесіп қалды.
Бұл жиын - боксшылардың 6 қараша Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты болатын. Көз түйістіру сәтінде «Канело» қарсыласымен сөзге келіп қалып, америкалық боксшыны кеудесінен итеріп жіберді, ал Плант мексикалықты бетінен ұруға тырысты. Осылайша, төбелес басталып кетті. Алайда оларды бірден ажыратып алды.
Еске салайық, бұл айқастың жеңімпазы суперорта салмақта абсолют чемпион атанады. Сауль Альварес артынан Twitter желісінде осы оқиғаның видеосын жариялап, «Анам туралы сөйлеме» деген пікір қалдырды.