22.09.2021, 15:22
Спорт
Жалғас Жұмағұлов UFC-мен жаңа келісімшартқа отырды
Келісімшарт төрт жекпе-жекке есептелген
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенімен жаңа келісімшарт жасады. Бұл туралы жаңалықты спортшының менеджері Саят Әбдірахманов жариялады.
Келісімшарт төрт жекпе-жекке есептелген. Ал, спортшының октагонға қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Биыл шілде айында Жалғас Жұмағұлов Лас-Вегаста өткен UFC 264 турниріндегі кейінгі кездесуінде америкалық Джером Ривераны тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді.
Жұмағұлов UFC ұйымында үш кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)