06.08.2021, 17:01
Спорт
Токио-2020: Данияр Қайсанов қола жүлдеден қағылды
Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарында үздік бестікке кірді
фото: olympic.kz
Еркін күрестен Токио Олимпиадасында 74 келі салмақта белдесіп, қола медальға таласқан қазақстандық балуан Данияр Қайсанов қарсыласына есе жіберді.
Қайсанов қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Бекзод Абдурохмановқа қарсы шыққан еді. Өкінішке қарай, кездесу басталған бетте Абдурохманов алға ұмтылып, белдесу мерзімінен бұрын аяқталды. Өзбек балуаны 13:2 есебімен жеңіске жетті.
Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтап отыр.
Еске салайық, 5 тамызда Данияр Қайсанов жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы - ресейлік Заурбек Судаковпен белдесіп, 11:0 есебімен жеңілді. Ол 1/8 финалда жапон балуаны Отогуро Кейсукені, ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенді жеңген еді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды