06.08.2021, 16:12
Спорт
Көркем гимнастика: Алина Әділханова Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады
Қазақстандық гимнаст көпсайыс қорытындысы бойынша 83.800 ұпай жинап, 21-ші орын алды
фото: olympic.kz
Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу турнирі өтті. Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын қорғаған Алина Әділханова көпсайыс қорытындысы бойынша 83.800 ұпай жинап, 21-ші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз.
Әзірге бірінші және екінші орынды ресейліктер Дина мен Арина Авериналар өзара бөліскен. Үшінші орында израильдік Ашрам Линов орналасқан.
Финалдық кезеңге алғашқы ондыққа енген спортшылар жолдама алады.
Еске салайық, 10 маусымда көркем гимнастикадан Ташкентте өткен Азия чемпионатында қазақстандық Алина Әділханов чемпион атанып, Токио олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты