Бүгін, 00:27
Спорт

Қазақстандық конькиші Қытайдағы әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Шумекова қашықтықты 1 минут 15,64 секундта бағындырды

Қазақстандық конькиші Қытайдағы әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогінің бірінші кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы «А» дивизионында 1000 метр қашықтыққа жүгіру қорытындысы бойынша жүлдегерлер қатарына қосылды.

Кристина Шумекова қашықтықты 1 минут 15,64 секундта бағындырып, барлық қатысушы арасында екінші нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Нидерланд өкілі Ангел Далеман 1 минут 14,07 секунд нәтижесімен иеленді. Ал үздік үштікті 1 минут 15,85 секундта мәреге жеткен польшалық Виктория Дабровска түйіндеді.

Осылайша, Кристина Шумекова Бейжіңдегі әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.