Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
WBO ұйымы қазақстандық боксшы мен Эрисланди Лара Бэнк арасындағы чемпиондық жекпе-жекке қызығушылықты арттыра түсті
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген дат спортшысы Якоб Бэнк арасындағы алдағы жекпе-жекке назар аударды. Боксшылар екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы белбеуі үшін кездеседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
WBO ұйымының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында алдағы жекпе-жектің постері жарияланды. Ұйым жазбаға «Бұл шайқаста кім жеңіске жетеді?» деген сауал қосқан.
Жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұған дейін аталған титул британдық Хамза Ширазға тиесілі болған.
Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл кездесу жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен аяқталған.
Ал Якоб Бэнктің еншісінде 20 жеңіс бар, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Дат боксшысы кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген.