«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта «Андерлехттен» жеңілді
Алматылық клуб өз алаңында Бельгияның «Андерлехтіне» 0:3 есебімен есе жіберді
Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта Бельгияның «Андерлехт» клубынан ірі есеппен жеңілді. Орталық стадионда өткен кездесу 0:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Есеп матчтың екінші минутында-ақ ашылды. Яакко Оксанен допты өз қақпасына соғып алды. 24-минутта Лукас Амброс қонақтардың басымдығын арттырды. 38-минутта Александр Широбоков алаңнан қуылып, «Қайрат» он ойыншымен қалды. Ал бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Даниил Сикан үшінші голды соқты.
Екінші таймда есеп өзгерген жоқ – 0:3.
Қарымта матч 27 тамызда Бельгияда өтеді.
Бұған дейін «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өнерін аяқтаған еді. Үшінші іріктеу кезеңінде алматылық клуб Болгарияның «Левски» командасына екі матчта да 0:1 есебімен есе жіберді. Қос кездесудің қорытындысы бойынша «Қайрат» 0:2 есебімен жеңіліп, еурокубок маусымын Еуропа лигасында жалғастырды.