23.07.2026, 23:18
Спорт

Александр Бублик Австриядағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Кицбюэльдегі турнирдің ширек финалында жеңіске жетіп, үздік төрттікке енді

Александр Бублик Австриядағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: olympic.kz

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 сериясындағы турнирдің топырақ төсенішінде екінші күн қатарынан сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің бірінші ракеткасы 2026 жылғы 23 шілдеде жекелей сындағы жартылай финалға шығу үшін өткен матчта тәжірибелі словак теннисшісі Алекс Молчанды (ATP рейтингінде 81-орын) жеңді.

1 сағат 10 минутқа созылған кездесу Бубликтің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:2.

Бір күн бұрын Александр турнирдің алғашқы айналымында аргентиналық Факундо Диас Акостаны (ATP рейтингінде 108-орын) 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Осылайша, ұйымдастырушылардан бірінші нөмірлі мәртебе алған қазақстандық теннисші Generali Open 2026 турнирінің жартылай финалында Аргентинаның тағы бір өкілі Томас Мартин Этчеверримен (ATP рейтингінде 31-орын) кездеседі.