$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Олимпиада-2026: жарыстың соңғы күні ел намысын қай спортшылар қорғайды

Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті

Олимпиада-2026: жарыстың соңғы күні ел намысын қай спортшылар қорғайды
Фото: olympic.kz

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Бүгін, жарыстың соңғы күні, қазақстандық спортшылар жарыс алаңына шығып, бақ сынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бүгін Астана уақытымен сағат 14:00-де шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 30 шақырымдық марафон басталады. Масс-старт форматында өтетін бұл сында ел намысын екі спортшымыз қорғайды:

  • Надежда Степашкина
  • Анна Мельник

Бұл Қазақстан құрамасы үшін биылғы Олимпиаданың қорытындысы болмақ.

Тарихи алтын медаль

Қазақстан құрамасы Италияда өткен Қысқы Олимпиаданы табысты аяқтады. Қоржынымызда бір алтын медаль бар. Бұл нәтиже біздің елге жалпыкомандалық медаль есебінде 19-орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров кеше гала-шоуда өнер көрсетіп, жанкүйерлерді тәнті етті. Тіпті, оның өнеріне аңызға айналған актер Джеки Чанның өзі куә болды.

Биылғы додада ел намысын 10 спорт түрінен 36 спортшы қорғады. Олардың қатарында биатлон, фристайл, шорт-трек және конькимен жүгіру спортының шеберлері бар. Сонымен қатар, қазақстандық мамандар фристайл-могул және мәнерлеп сырғанау бойынша төрешілер корпусында да қызмет етті.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 22-нен 23-ақпанға қараған түні өтеді. Бұл шара Қысқы Олимпиада додасының нүктесін қоймақ.