Олимпиада-2026: 21 ақпанда кімдер бақ сынайды
Бүгін спорттың 9 түрінен жарыс өтеді
Италияда өтіп жатқан XXV Қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне таяп қалды. 21 ақпан күні спорттың 9 түрінен жарыс өтіп, 10 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан намысын фристайл-акробатика, шаңғы жарысы және конькимен жүгіру шеберлері қорғайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фристайл-акробатика
Бүгін қазақстандық жанкүйерлердің басты назары фристайл-акробатика шеберлерінде болмақ. Аралас командалық сында еліміздің намысын келесі спортшылар қорғайды:
- Шерзод Хаширбаев
- Дінмұхаммед Райымқұлов
- Аяна Жолдас
- Асылхан Асан
- Роман Иванов
Жарыстың басталуы: 14:45 (Астана уақытымен).
Шаңғы жарысы
Ерлер арасындағы ең ұзақ қашықтықтардың бірі – 50 шақырымдық масс-старт өтеді. Шаңғы марафонында Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынайды:
1. Әмірғали Мұратбеков
2. Наиль Башмаков
Спортшылар жарыс алаңына сағат 15:00-де шығады.
Конькимен жүгіру
Кешкі бағдарламада конькишілер бәсекесі жалғасады. Әйелдер арасындағы масс-старт жарысында Елизавета Голубева мұз айдынына шығып, сынға түседі.
Басталуы: 19:50.
Бүгін тек қазақстандықтар емес, әлемдік деңгейдегі мықтылар биатлон (әйелдер, 12,5 км масс-старт), ски-кросс, бобслей және ски-альпинизмнен жеңімпаздарды анықтайды. Сондай-ақ, ерлер арасындағы хоккейден қола медаль иегері анықталады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 22 ақпан күні ресми түрде жабылады.