Михаил Шайдоров былтыр 33 млн теңге, жеке бапкері 26 млн теңге жалақы алған
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлім етті
Спорт министрлігі Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанға тарихи алтын жеңіс әкелген Михаил Шайдоров пен жеке бапкерінің жалақысын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша, дереккөзге сүйенсек, 2025 жылы Шайдоров 33 989 000 теңге жалақы (ҚР ТСМ ДРС, федерация және әкімдік желісі бойынша) алған. Спортшының жеке бапкері Алексей Урманов 2025 жылғы (ҚР ТСМ ДРС және федерация желісі бойынша) 26 000 000 теңге жалақы алған. Хореограф И.В. Регина 2025 жылғы (ҚР ТСМ және федерация желісі бойынша) 23 000 000 теңге жалақы алған.
Айта кетейік, бұған дейін спорт министрлігі Михаил Шайдоров пен оның командасының жаттығуына 263 млн теңге бөлінгенін жария еткен еді.