Мемлекет Михаил Шайдоров пен оның командасын жаттықтыруға 263 млн теңге бөлген – спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы 19 рет оқу-жаттығу өткізген
Туризм және спорт министрлігі Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль алған Михаил Шайдоровты дайындауға мемлекет былтыр 263 млн теңге бөлген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті. Министрлік мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өткен.
«Мәселен, 2025 жылы спортшы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңгені құрады. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді», - деп хабарлайды министрлік.
Айта кетейік, Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров мұз үстінде тарихи жеңіс жасап, ел қоржынына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтын салған. Еске салсақ, Қазақстанның қысқы Олимпиададағы соңғы алтын жүлдесін 1994 жылы Лиллехаммерде шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын.