XIV қысқы Паралимпиадаға қатысатын Қазақстан спортшыларының есімі белгілі болды
Жарыс наурызда өтеді
2026 жылдың 6-15 наурызы аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, биыл жарыста 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысады. Ойындар бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.
«Қазақстан құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Ұлттық құраманың сапына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Владислав Кобаль енді», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазір бұл спортшылар Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.