$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Олимпиада-2026: Қазақстандық спортшы тарихи нәтижеге қол жеткізді

Ол сегізінші орын иеленді

Олимпиада-2026: Қазақстандық спортшы тарихи нәтижеге қол жеткізді
Фото: ҰОК

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық шаңғымен трамплиннен секіруші Илья Мизерных үлкен трамплинде 281,6 ұпай жинап, сегізінші орынды иеленді. Бұл — Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үздік көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Италиядағы 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен трамплиннен секіруден (үлкен трамплин) жарыс аяқталды. Илья Мизерных 281,6 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтап, әлемнің үздік он спортшысының қатарына енді. Айта кетейік, Мизерных Тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарындағы ең үздік нәтижені көрсетті», — делінген хабарламада.

Финалдық кезеңде тағы бір қазақстандық — Данил Васильев бақ сынады. Ол 235,9 ұпай жинап, жарысты 27-ші орынмен тәмамдады.

Жарыс жеңімпазы 301,8 ұпай жинаған Домен Превц (Словения) болды. Екінші орынды Рен Никайдо (Жапония) иеленді — 295,0 ұпай. «Қоланы» 291,2 ұпаймен Кацпер Томащак (Польша) еншіледі.