ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда ұлттық парктерді қолдау қоры құрылды

Қордың негізін қалаушы – меценат, кәсіпкер, эко-белсенді Сергей Спицын

Сергей Спицын соңғы 7-8 жылда достарымен бірге Іле Алатауы ұлттық паркі мен Алматы хайуанаттар бағында бірнеше әлеуметтік жобаларды іске асырған. Ол Горельник пен Алмаарасан шатқалында көпір, ал хайуанаттар бағында – ақ, гималайлық және тяньшандық аюлар мен амурлық жолбарысқа арналған вольерлер салған. Спицыннің сөзінше, Горельникке жазда, демалыс күндері 5 мыңдай, ал Алмаарасанға одан сәл аздау адам келеді. Ол аптасына бірнеше рет қоқыстарды өзі жинап, жылына екі рет тақтайларды ауыстырып, майлайды екен.

«Қазір мен Үлкен Алматы шатқалын аралап шықтым. Мұнда өркениетті демалуға жағдай жасалмаған. Тіпті қоқыс тастайтын орын да жоқ. Қашанда аузы-мұрнынан шығып тұратын шағын жәшіктер ғана. Біздің міндетіміз – қоқысты бөлектеп жинайтын жерлерді белгілеу ғана емес,  жүйелі, ойластырылған әдіспен, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, тауда өркениетті демалыс ұйымдастыру. Мәселен,  Үлкен Алматы шатқалындағы жол жиегіне автокөлік қоятын тұрақтарға арналған шағын «қалталар» салуды жоспарлаудамыз. Мұндай жерді, мәселен, «Аюсай» шатқалында тұрғыздық. Оны Еуропадан көрген болатынмын. Қазірде жұрт орманның ішіне тіке көлікпен кіріп жатыр. Көліктер жол жиегінде қалғаны дұрыс қой»,- дейді ол.

Спицынның айтуынша, демалыс аймақтары тегін болады. Кәсіпкер  туризмнің дамуы экономикаға да оң әсер етететін айтады. Бұған мысал ретінде Грузия, Әзербайжан мен Дубайда қысқа мерзім ішінде жүзеге асқан жобаларды келтірді. Медеуде, Алмаарасан шатқалында ескі қорымдар бар. Ол жердегі қайнарға Әмір Темірдің әскері шомылып, емделіп, тыныққаны жайлы деректер тарихта айтылады. Кейін бұл жерде санаторий пайда болған.

«Инвестормен арадағы ортақ мақсатымыз – алдағы жылдарда ұлттық парктердегі табиғатқа деген көзқарасты түбегейлі өзгерту. Мен шетелдердегі ұлттық парктерде болғанда, ондағы демалу мәдениетінің қаншалықты жоғары деңгейде екенін көрдім. Қазір тауға келген азаматтар өзімен бірге мангалдарын, қолайлы демалыс болу үшін басқа да заттарын алып келеді.  Біздің жоба бойынша, онсыз да демалуға барлық жағдай жасалады», - дейді Спицын.

Еске салсақ, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұлттық парктерде экотуризмді дамыту жобасы қолға алынды. Осы мақсатта Іле Алатауында туристік инфрақұрылым тарту жұмыстары басталды. «Turanga Group» компаниясы  паркте экотуризмді дамыту бойынша тендерді жеңіп алған. Компания 4 жыл ішінде аталған жобаға 12 млрд теңге салуды жоспарлап отыр.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат