Қостанайдан Алматыға жөнелтілген көлікті жолда екі адам ұрлап кеткен
Көлік Көкшетауға дейін жеткізіліп, із-түзсіз жоғалған

Қостанай тұрғыны Алматыға жеткізілуі тиіс көлігінің Көкшетауда жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік Көкшетауға дейін жеткізіліп, із-түзсіз жоғалған
Қостанайлық азамат өз көлігін эвакуатор арқылы Алматыға жөнелткен. Жөнелтілген сәт бейнежазбаға түсірілгенімен, көлік межелі жерге жетпеген.
Белгілі болғандай, 11 мен 12 қазан аралығындағы түнде белгісіз екі адам көлікті Көкшетау маңында эвакуатордан түсіріп алған.
Камера жазбаларында көліктің қалаға кіріп, одан шықпағаны анықталған.
Полицияның мәліметінше, көлік жалған немесе өзгертілген нөмірлермен Көкшетау аумағында қозғалып жүрген болуы мүмкін.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Қостанай облысы полициясы аталған факт бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғады.
«Көкшетау полиция басқармасына Қостанай тұрғынынан арыз түсті. Ол онлайн қосымша арқылы эвакуатор жүргізушісін тауып, көлікті Қостанайдан Алматыға жеткізуге келіскен. Алайда жүргізуші өз міндетін толық орындамаған. Қазір тергеу Костанай облысында жүргізілуде, ал Ақмола облысы полициясы көлікті іздеуге көмектесіп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Көлік иесі жұрттан көмек сұрайды
Көлік иесі жолда болған жүргізушілерден және бейнетіркеу құрылғылары бар азаматтардан көмек сұрады.
Егер сол уақытта трасса бойымен жүрген болсаңыз немесе көлікке қатысты ақпарат бар болса, 8 747 173 32 99 нөміріне хабарласуға болады.