19.10.2025, 11:40
Оқиғалар
Ақтаудағы онкоорталық маңынан ер адамның мәйіті табылды
Оқиға таңертең болған
Фото: © istockphoto.com
Ақтауда №1 шағын ауданындағы онкологиялық орталық пен аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлер не дейді
Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денесі онкоорталықтың жанында, аялдама маңында жатқан. Оқиға таңертең болған.
Жергілікті тұрғындар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабар берген.
Полиция түсініктеме берді
Маңғыстау облыстық полиция департаменті марқұмның көшеде кенеттен қайтыс болғанын хабарлады.
«Ер адам көз жұмды. Ол бейімдеу орталығында тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр