19.10.2025, 15:42
Оқиғалар
Астанада жөндеу жұмыстарымен заңсыз айналысқан шетелдіктер ұсталды
Олар – Нигерия азаматтары
Фото: полиция департаменті
Астана қаласында полицейлер рұқсатсыз еңбек етіп жүрген Нигерия азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейд барысында алты шетелдік ұсталды
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары алты Нигерия азаматын ұстаған.
Олар рұқсат құжаттарынсыз және жеке куәліктерінсіз тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстарымен айналысқан.
Заң бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылды
Полиция шетел азаматтары мен олардың жұмыс берушілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.
«Заңға сәйкес, мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салынып, кей жағдайда елден шығару шарасы қолданылады», – делінген полиция хабарламасында.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр