Петропавлда жеңіл көлік пен автобус бетпе-бет соқтығысты
Оқиға орнында түсірілген суреттерден көліктің алдыңғы бөлігі қатты зақымданғанын көруге болады

Петропавлда Партизанская және Горький көшелерінің қиылысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты. Екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты қалай болды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 8:00 шамасында болған.
«Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ автобус жолаушыларының бірі медициналық көмекке жүгінді, бірақ оған ауруханаға жату қажет болмады. Алдын ала мәлімет бойынша екі жүргізуші де сау. Жол апатына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті полиция департаменті.
Куәгерлер не дейді
Куәгерлердің айтуынша, соққы қатты болған: жеңіл көлік автобус кабинасының астына кіріп кете жаздаған. Оқиға орнында түсірілген суреттерден көліктің алдыңғы бөлігі қатты зақымданғанын көруге болады.