$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2025, 13:40
Қоғам

Қазақстан «қара нарықтағы» телефондарды қалай анықтайды

Телефон нөмірлері мен ұялы телефон иелерінің реестрі пайда болады

Қазақстан «қара нарықтағы» телефондарды қалай анықтайды
Фото: istockphoto.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Қазақстан ұялы телефондарды елге заңсыз кіргізу схемасымен қалай күресетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз бұл процесті толық цифрландырған кезде телефон нөмірлерінің реестрі және сол нөмірлердің, яғни ұялы телефон иелерінің реестрі деген ұғым пайда болады. Егер талдау барысында бір ЖСН-ге тиесілі нөмірлердің немесе телефондардың саны белгілі бір мөлшерден асып кетсе, оны анықтай аламыз. Осыған байланысты қазір биометрия мен тіркеу рәсімдерін күшейту жоспарланып отыр. Сондықтан біздің тараптан цифрландыру мен талдау арқылы мұның бәрін анықтау мүмкіндігі болады», - деді Мун Мәжіліс кулуарында.

Вице-министр елге заңсыз әкелінген телефонға ұрынып қалмау үшін оны алдын ала тексеруге кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары