$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2020, 23:57
Қоғам

Атырау облысында мектеп ғимараттары оқшаулау орындарына айналды

Қазір Қызылқоға ауданында 4 мектепке кереуеттер қойылған

Атырау облысында мектеп ғимараттары оқшаулау орындарына айналды
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында мектеп ғимараттары коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды қадағалайтын оқшаулау орындарына айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қызылқоға ауданындағы 4 мектепке кереуеттер қойылған. Жалпы саны 182 орын бар. Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша, мектеп ғимараты барлық санитарлық талаптарға сай келеді

«Аудан бойынша жатақханалар жоқ, сол себепті Миялы орталығында барлық ғимараттарға анализ жасалып, қаралды. Ыңғайлысы мектеп ғимараты болды. Бізде 26 орындық жалғыз қонақ үй бар. Бірақ олардың иесі келіскен жоқ. Сол себептен мектепке жасақтадық», - деді Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Марат Әбуов.

Қазір оқшаулау орындарында ашылғалы 3-ақ адам жатыр. Олардан қауіпті індет анықтамағандықтан, қазір үйлеріне жіберілген. Қазіргі таңда Қызылқоға ауданы бойынша 79 адам вирус жұқтырып, екі адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары