$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2020, 04:30
Қоғам

Қарағандыда көпбалалы отбасыларға қолдау көрсететін орталық ашылды

Мұнда олар білікті психологтар мен заңгерлер көмегіне жүгіне алады

Қарағандыда көпбалалы отбасыларға қолдау көрсететін орталық ашылды
Фото: баспасөз қызметінен

Қарағанды қаласында көп балалы отбасыларды қолдайтын «Жанұя» деп аталатын орталық ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жанұя» орталығында көп балалы отбасы мүшелері білікті психологтардың, заңгерлер мен әлеуметтанушылардың көмегіне жүгіне алады. Бұл жерде денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламалары мәселелері бойынша кеңес алуға мол мүмкіндік қарастырылған», - деп жазылған хабарламада.

Айта кететін бір жайт, карантин шарттарына байланысты кеңес алу алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Орталықта айына бір рет АӘК беруден бастап, көпбалалы отбасында өзара қарым-қатынас құрудың психологиялық тәсілдеріне дейінгі аралықта түрлі тақырыптар бойынша семинарлар өткізіп тұру жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары