Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 140 адамға жетті
Коронавирустан тағы 4 науқас көз жұмды
Коронавирустан тағы 4 науқас көз жұмды. Ақмола облысында 1971 жылы туған ер азамат, Алматы қаласында 1958, 1977 жылы дүниеге келген әйел адамдар және 1979 жылы туған ер азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 38
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 8