$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2020, 17:40
Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пандемия кезінде алдын алу жұмыстарын тоқтатпайды

Ол үшін агенттік цифрлық технологияларды қолданады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пандемия кезінде алдын алу жұмыстарын тоқтатпайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі COVID-19 пандемиясына қарамастан, алдын алу және халықты ақпараттандыру жұмыстарын тоқтатпайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол үшін агенттік цифрлық технологияларды қолданады.

«Атап айтқанда, «Antikor.LIVE» онлайн-жобасы көпшілікке тез танымал болды. Бұл алаңда Агенттік қызметкерлері де, түрлі саланың сарапшылары да сөз сөйлейді. Кез келген адам нақты уақыт режимінде өзіне қызықты сұрғаны қоя алады. Сәуір айынан бастап еліміздің барлық өңірінде 1200-ден астам тікелей эфир шықты, оларды барлығы 900 мың азамат қарады», - делінген аталған хабарламада.

Сонымен қатар, Электронды үкіметтің «Ашық диалог» порталында да сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар қоюға болады. Ал, «Adal kómek» жобасында заңгерлер азаматтарға кеңес беріп, проблемаларын шешіп береді.

«Азаматтар «Adal kómek» жобасына ерекше назар аударды. Оны үйлестіру белгілі құқық қорғаушы Айман Умаровамен бірге жүзеге асырылады. Жобаның заңгер-волонтерлері 600 онлайн-кеңес өткізді. Нәтижесінде азаматтардың 1770 проблемалық мәселесі шешілді», - дейді Агенттіктің өкілдері.

Агенттік жанынан құрылған қоғамдық алаңдардың қызметі де осы уақыт аралығында жанданды. Арнайы мониторингтік топ заңбұзушылықтарды анықтау үшін тосқауыл бекеттер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға мониторинг жүргізді. Астанада және өңірлерде ақпараттық-насихаттау штабының белсенділері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналған әлеуметтік желілерге 800-ге жуық бейнеүндеу жолдады. Олар тарихымызда тұңғыш рет сыбайлас жемқорлық тақырыбында онлайн режимде айтыс өткізді.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақ үшін «Парасаттылық – Ұлы Абай мұрасы» тақырыбында кезекті жалпы республикалық акция өтті. «Balapan» және «EL ARNA» телеарналарында еліміздің 760 мың оқушысы бейне-сабақты тамашалады.

Агенттіктің өңірлік департаменттері жанынан «Antikor ortalygy» сервистік орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, онда жүгінген кез келген азамат сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында білікті құқықтық көмек ала алады.

«Бүкіл ел аумағында мұндай орталықтар қазірдің өзінде 15 және олардың әрқайсысы «Адалдық алаңы» жобасы аясында сындарлы әріптестікке алаң ұсынады, оның алдында парасаттылық мәдениетін ілгерілету контекстінде қоғамдық бақылау құралдарын пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер тұр», - дейді жемқорлықпен күресуші ведомство мамандары.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс аясында мемлекеттік органдарға бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру бойынша мыңнан астам ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді. Тек мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында ағымдағы жылдың басынан бері шамамен 4 млрд.теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды.

Агенттіктің құқық қорғау қызметі ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауға, сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілерінің, пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңсыз іс-қимылдарының жолын кесуге бағытталған.

Төтенше жағдай режиміне байланысты 60 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды, олардың көпшілігінде блок-бекет және әкімшілік арқылы заңсыз өткізгені үшін пара алумен байланысты карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен бас тарту болған.

Агенттік жүргізіп отырған кешенді жұмыс апта сайын «Antikor News» арнайы жаңалықтар шығарылымы арқылы жарияланады. Бүгінгі күнге дейін оның 14 шығарылымы мемлекеттік және ресми тілдерде дайындалып, Facebook, Instagram, Telegram және YouTube әлеуметтік желілерінде орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары