$ 528.31  608.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 16:40
Қоғам

Қазақстанда заңсыз лотерея ойнатқандарға биыл 40 млн теңге айыппұл салынған

Осы заң бұзу фактісіне қатысты 89 адамға айыппұл салынған

Қазақстанда заңсыз лотерея ойнатқандарға биыл 40 млн теңге айыппұл салынған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Биыл Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін өткізген 89 адамды анықтап, оларға айыппұл салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бұзып отыр.

«Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған», - деп хабарлайды министрлік.

Дереккөзге сүйенсек, биыл осы баппен тәртіп бұзған адамдарға жалпы 40 млн теңге айыппұл салынған екен.

Айта кетейік, қазір танымал блогер Ерболат Жанабылов пен оның әйеліне қатысты осы заңсыз лотереяға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары