$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2025, 13:27
Қоғам

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда банкоматтарға қатысты үлкен өзгеріс болады

Енді банкоматтар ақша шешкен адамның видеосын алты ай бойы сақтайды

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда банкоматтарға қатысты үлкен өзгеріс болады
Фото: freepik.com

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы банктер банкоматтан ақша шешкен адамның видеосын 180 күн, яғни, алты ай бойы сақтап қоюға міндетті. Бұл туралы бүгін үкіметте Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір банкоматтар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыратын басты құрал болып отыр. Құзырлы органдар қанша шара қолданса да банкомат арқылы шешіліп жатқан ақшаның көлемі азаймай отыр екен. Өйткені, Бижановтың айтуынша, қазір банкоматтан ақша шешіп, ақша салатын адамдардың жеке басын анықтау өте қиын.

«Көбінесе алаяқтар басқа адамның картасынан ақша шешеді. Осы тәуекелдерді азайту үшін Қаржы мониторинг агенттігі нарықты реттеу агенттігімен бірге бірнеше бастама жасады», - дейді ол.

Оның сөзіне сенсек, енді: 

  • Біріншіден, енді қандай да бір картаға 500 мың теңгеден артық ақша салынса, ақша жіберіп отырған адам міндетті түрде ЖСН жазу керек;
  • Екіншіден, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтағы бейнебақылау жазбасын 180 күн бойы сақтауға міндетті;

Бұдан өзге, Бижанов айтып өткендей, ақша алған кезде оны СМС код арқылы растау функциясы мен адамның бетін және қолын тану технологияларын енгізу көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары