$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2025, 09:21
Қоғам

Қазақстанда мүгедектігін сырттай растағысы келген азаматтардың өтініші қарала бастады

Жоба басталғаннан бері 78,8 мың өтініш түскен

Қазақстанда мүгедектігін сырттай растағысы келген азаматтардың өтініші қарала бастады
Фото: istockphoto.com

2025 жылдың басынан бері мүгедектікті белгілеудің сырттай форматы аясында еліміз бойынша 78,8 мың өтінім қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл пилоттық жоба ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен барлық өңірде жүзеге асып жатыр.

Сырттай куәландыру бүгінде 30 түрлі ауру бойынша жүргізіледі. Тек емханаға барып қажетті тексеруден өткеннен кейін қалған процестер азаматтың қатысуынсыз ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде атқарылады.

2024 жылы осындай форматта 96,9 мың өтінім қаралып, ол мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрады.

Жаңа жүйенің артықшылықтары:

  • әкімшілік және қағазбастылық кедергілердің жойылуы;
  • сараптамалық шешімдердің ашықтығының артуы;
  • мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қорғау шараларын үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігі;
  • қызмет алушы мен берушінің тікелей байланысын азайту арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.

Бұл бастама Мемлекет басшысының ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынды.

Серіктес жаңалықтары