$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 04:24
Қоғам

Ақтөбеде бірінші сыныпқа қабылдау кейінге шегерілді

Бұл қызмет 1 тамызға дейін уақытша тоқтатылды

Ақтөбеде бірінші сыныпқа қабылдау кейінге шегерілді
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында мектепке қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың білім басқармасына сілтеме жасап.

«Мектепке дейінгі ұйымға, мектепке қабылдау да 1 тамызға дейін уақытша тоқтатылады. Себебі емханалардың карантинге жабылуына байланысты балалардың денсаулығы туралы 026/у және 063/у секілді анықтамаларын алу мүмкін болмай отыр. Құжат тапсырып үлгермеген ата-аналардың алаңдауына еш негіз жоқ. Эпидемиологиялық ахуал тұрақталғаннан кейін балалар мектепке дейінгі ұйымға, мектепке қабылданады. Барлығы балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Сонымен бірге консультациялық көмек көрсету үшін білім басқармасының жедел желі, сенім телефондарына 55-17-92, 54-03-52, 8-702-031-25-22, басқарма басшысы Л. Оразбаеваның 8 701 722 05 63 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 25 маусымнан облыста балабақшалар жабылады.

Серіктес жаңалықтары