$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2025, 10:59
Қоғам

ШҚО-да марқұмның екі қарындасы ағасының өлімі үшін жұмыс берушіден 11 млн теңге өндіріп алды

Қайғылы оқиға 2023 жылы болған

ШҚО-да марқұмның екі қарындасы ағасының өлімі үшін жұмыс берушіден 11 млн теңге өндіріп алды
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының соты 2023 жылы болған қайғылы оқиғаға қатысты істі қарап, арыз жазған екі әйелдің арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың материалдарына сүйенсек, 2023 жылы осы аудандағы жеке компаниялардың бірінде қайғылы жағдай орын алған: компанияның жүргізушісі қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған. Оның артында әйелі мен кәмелет жасына толмаған үш баласы қалған. Арнайы тергеу жүргізуші тікелей жұмыс берушінің кінәсінен қайтыс болғанын толық дәлелдеген.

«Сол уақытта жеке компания мен марқұмның жесірі 8 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы келісімге келген. Алайда, кейін марқұмның жесірі мен қарындастары бұл сома үш баланы асырауға аз екенін айтып, қосымша өтемақы өндіруді сұрап, сотқа жүгінген. Яғни, балаларға төленетін ай сайынғы 81 000 теңге аннуитеттік төлемдер олардың тәрбиесі мен оқуына байланысты барлық шығынды өтей алмағанын атап көрсеткен», - деп хабарлайды Алтай аудандық соты.

Талап қойған екі әйел ағалары қайтыс болғаннан кейін қатты қайғыға душар болғандарын, депрессияға түсіп, өмірден үміт үзгендерін айтқан.

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық соты істі қарап, мынандай қорытындыға келген: тергеу өлім тікелей жеке компанияның салғырттығынан болғанын дәлелдеді.  Сотта ЖШС өкілі талап қоюды ішінара мойындап, әр талап қоюшыға 500 000 теңге төлеуге келіскен; Алайда, сот қайғы-қасіреттің субъективті бағасын да, объективті мән-жайларын да, назарға алып, компанияны 11 млн теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Оның ішінде, марқұмның әр баласына 3 млн теңге, әпкелі-сіңілілі екі әйелдің әрқайсысына 1 млн теңгеден өндіріп беруді үкім етті. Компания соттың бұл шешіміне наразы болған, алайда сот үкімді өзгеріссіз қалдырды», - деп хабарлайды ШҚО соттары.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ШҚО #сот #Алтай