$ 541.68  636.26  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:17
Қоғам

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық кредит беруге шектеу енгелі отыр

Берешегі барлар үшін борыш жүктемесі коэффициенті төмендейді

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық кредит беруге шектеу енгелі отыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық кредиттердің санын шектеу үшін талаптарды қатаңдатпақ. Яғни банк несиесін отыз күнге, ал микрокредит төлемін бір күнге кешіктірген азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит беруге шектеу қойылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік тиісті қаулы жобасын әзірлеген. Құжат тұтынушылық кредиттердің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған.

«Жобада соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделіп отыр. Бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Яғни бұрын несие рәсімдегенде ай сайынғы төлем қарыз алушының табысының 50 пайызынан аспауға тиіс болса, енді бұл көрсеткіш 0,25 пайызға дейін түсіп отыр.

Сонымен қатар мына талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізіледі:

  • банк кредиті бойынша төлем мерзімі күнтізбелік 30 күннен, ал микрокредиттер бойынша 1 күннен аса уақытқа кешіріктірілсе;
  • 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 айда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болса;
  • соңғы 12 айда қарыз алушының несиесіне қайта құрылымдау жасалса (яғни ай сайынғы төлемі азайтылса, мерзімі ұзартылса және т.б.), бірақ ол бәрібір міндеттемелерін дұрыс орындамаған болса.
Серіктес жаңалықтары