Астанадағы бір компания жұмыстан шығып кеткен адамнан 12 млн теңге өндіріп алмақшы болған
Сот компанияның талабын қанағаттандырған жоқ

Астана соты компьютер сататын компания мен оның бұрынғы қызметкері арасындағы еңбек дауын қарап, қарапайым азаматтың мүддесін қорғап шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сенсек, сотта жауап берген азамат кезінде талап қойып отырған компанияда директор лауазымын атқарған екен.
Еңбек шартына сай, азамат компаниядағы жұмысы кезінде және одан жұмыстан шығып кеткен соң екі жыл ішінде осы салада жұмыс істемеуге міндеттелген. Әйтпегенде, азамат әр ай үшін 2 млн теңге өтемақы төлейді деп келіскен.
Компания азаматты директор лауазымынан кеткеннен кейін бірден жеке кәсіпкерлік ашып, осы салада еңбек етті деп айыптап, одан 12 млн теңге өндіріп беруді талап еткен.
Сот тараптарды тыңдай келе компанияның талабын қанағаттандырмаған.