18.06.2020, 16:30
Қоғам
«Рухы мықты адам»: Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі
Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланып жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Twitter-де жазба қалдырды.
«Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол – рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны белгілі болды.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
21.11.2026, 11:00
Сот FlyArystan-ға қатысты Сауда министрлігінің талабын қолдады: жолаушылар құқығы бұзылған
21.11.2026, 10:00
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды
