18.06.2020, 17:31
Қоғам
Алматының Көк базары 1 айға жабылды
Базар басшыларына ірі көлемде айыппұл салынған
Фото ашық дереккөзден
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Көк базар саудагерлерінің арасында коронавирустың жаппай таралуына байланысты қолға алынған шаралар туралы айтты.
Оның айтуынша, жалпы Алматыда вирус жұқтырып жатқандар саны күрт артқан. Сондай-ақ, аурудың жаңа ошақтары жиі анықтала бастаған.
«Мысал ретінде «Рахат» фабрикасын айтуға болады. Қызметкерлері жаппай ауру жұқтырып, 2 аптаға жабылды. Сондай-ақ, Көк базар да осындай ауру ошағына айналып отыр. Сот шешімімен базар 1 айға жабылды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындамағаны үшін базар басшылығы 1 миллион 727 мың теңге айыппұл төлейді», - деді Ж.Бекшин.
Еске салайық, Көк базар 13 маусым күні жұмысын тоқтатқан.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді