«Бағанашыл» балалар үйінің төңірегіндегі шу: үш шенеунік қызметінен кетті
Олар балалар үйін Қонаев қаласына көшірмек болған

Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйіндегі жағдайынан кейін президент әкімшілігі тексеріс жүргізіп, үш шенеунік қызметінен босатылған. Ал әкімнің бірінші орынбасары қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жауапкершілік мәселесіне келсек, мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент әкімшілігі тексеру жүргізді. Тиісті шаралар қабылданды, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары, екі басқарма басшысы (білім және ішкі саясат) қызметінен босатылды, ал әкімнің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды», - деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігі.
Балалар бұрын оқыған Алматы қаласының мектептерінде білім алып жатыр. Балалар үйінің барлық қызметкері жұмыс орындарын сақтап қалған, олардың еңбек шарты Алматы облысынан Алматы қаласына қайта рәсімделді.
Осы оқиғадан кейін «Бағанашыл» балалар үйінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына Алматы қалалық мәслихаты депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдік өкілдері кірген.