$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 18:18
Қоғам

«Олар өз үйінің малын баққан»: Оспанова Таластағы екі бала құлдықта болды деп айтуға әлі ерте дейді

Комитет төрағасы балалар бүгін Тараздағы орталыққа көшетінін айтты

«Олар өз үйінің малын баққан»: Оспанова Таластағы екі бала құлдықта болды деп айтуға әлі ерте дейді
Фото: скриншот

Осыдан үш күн бұрын әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Талас ауданында кәмелетке толмаған екі бала өгей әкелері өздерін бес жыл бойы құлдықта ұстағанын, сабап, мал бақтыруға мәжбүрлегенін айтып, видео жариялаған еді. Бүгін Azattyq Rýhy тілшісі Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрағасы Насымжан Оспановадан осы оқиғаға қатысты экслюзив сұхбат алды.

Насымжан Оспанова балалар туралы видео тарай сала, уәкілетті орган, яғни, оқу-ағарту министрлігінің бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет, бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл қалай әрекет еткенін айтып берді.

«Жамбыл облысындағы балаларға қатысты сұрақ қойып жатқандарыңызға рақмет. Біз бұл балалар туралы бұқаралық ақпарат қүралдарынан, әлеуметтік желіде тараған ақпараттардан білдік. Біле сала біз шұғыл шаралар қабылдап, оларды құтқару үшін, осы жағдайға себеп болған факторларды анықтау үшін іске кірістік. Ең алдымен, айтайын дегенім, министрлік пен балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің басты мақсаты – балалардың құқығын қорғау. Біздің елдегі барлық заңдар мен нормалар балалардың мүддесі үшін жұмыс істейді. Осыған байланысты осы жағдайды зерттеу үшін мобильді топ құрылды. Қазір балалар дағдарыс орталығында, бүгін кешке Тараздағы балаларды қолдау орталығына барады. Қазір балалар қауіпсіз ортада. Оларға тамақ беріп, психологиялық және медициналық көмек көрсетіп жатырмыз. Жанында жауапты тұлғалар бар команда оларды бүгін кешке Тараздағы дағдарыс орталығына көшеді», - дейді Насымжан Оспанова.  

Оның айтуынша, қазір балалар расымен құлдықта болды ма, жоқ па, соны анықтау үшін мобильді топ құрылған. Оның құрамына танымал блогерлер де еніпті.

«Біз осы жағдайды зерттеу үшін жұмыс тобын құрдық. Өйткені, бізге жағдайды тереңірек зерттеу керек екенін жақсы түсініп отырмыз. Он жастағы бала мектепке барған, 17 жастағы ағасы колледжде оқиды. Яғни, балалар білім алған. Бұл жердегі сұрақ – олардың психологиялық жағдайы. Мектеп пен колледждегі өмірлері қандай еді, олар қандай жетістікке жетіп еді, қандай проблемасы бар еді, соның бәрін қазір жұмыс тобы зерттеп жатыр. Жұмыс тобына тәуелсіз сарапшылар, аймақтық балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл, депутаттар мен белсенді блогерлер кірді. Олардың жартысы мектеп, жартысы колледжді, жартысы көршілерін зерттеп жатыр», - деп хабарлады Комитет төрағасы.

Насымжан Оспанова біздің негізгі сұраққа жауап бере келе «балалар құлдықта болды деп айтуға әлі толық негіз жоқ» дейді.

«Олар құлдықта болды деп айтуға әлі ерте. Өйткені, қазір спараптамалар жасалып жатыр. Сондықтан, олар құлдықта болды деп айтуға әзірге негіз жоқ. Сараптама қорытындысын күтеміз. Өйткені, олар өз үйінің малын баққан. Балалардың айтуынша, олар мал бағуға таңертең шығып, кешке үйге келіп отырған. Сондықтан, сараптаманы күту керек. Балалар жетім емес, олар туған анасымен бірге тұрған. Бұл – өгей әкелері, ал өз әкелері  Алматы огблысында тұрады, ажырасқан. Өгей әкесі қамалды», - дейді Насымжан Оспанова.

Серіктес жаңалықтары